Қазгермұнай» БК» ЖШС-де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің көшпелі отырысы өтті

01 шілде 2019

Отызыншы маусым күні Қызылорда облысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері жұмыс сапармен келді. Сапар мақсаты «Қазгермұнай» БК» ЖШС кәсіпшілігінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің көшпелі отырысын өткізу болды. Делегация құрамында Серіктестік кен орнына барғандар: Уолтон Кристофер Джон – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор, Уайт Стивен Джеймс – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Дайер Филип Джон – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Энтони Эспина – «ҚМГ» ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, Нұрсейітов Абат Ақмұқанұлы – «ҚМГ» ҰК  АҚ-ның Мұнай және газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры (техникалық директор), Қайржан Есен – «ҚМГ» ҰК АҚ-ның Сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры, Найзабеков Бекмұрат Толбайұлы – «ҚМГ» ҰК АҚ-ның Маркетинг және өткізу жөніндегі басқарушы директоры, Шәріпов Дамир Валерьевич – «ҚМГ» ҰК АҚ-ның Корпоративтік хатшысы.

«Ақшабұлақ» кен орнында болу  барысында Директорлар кеңесінің мүшелері бірқатар объектілерге барды: Мұнай дайындау айдау цехы, Газ дайындау және тасымалдау цехы, жұмыс істеп тұрған ұңғымалар, вахталық кент.

Директорлар кеңесінің көшпелі отырысы бағдарламасының соңғы тармағы «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметінің 2018 жыл және 2019 жылдың бірінші тоқсаны бойынша  орытындыларымен танысу, сонымен қатар Компаниямен «Цифрлық кен орны» жобасын жүзеге асыру болды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою