«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Бас директор тағайындалды
26 қараша 2018
2018 жылы 26 қараша күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ким Евгений Германовичтің, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ мұнай және газды өндіру жөніндегі директоры Нұрғалиев Қуанышбай Жаумытбайұлының және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ иегру және күрделі құрылыс жөніндегі вице-президенті Көшербаев Болат Елеуұлының «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесіне жұмыс сапары болып өтті. Сапар барысында Серіктестіктің басшылық құрамымен кездесу өткізілді.
Сапар мен кездесу мақсаты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тағайындаған «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорын таныстыру болды. Бұл қызметке осыған дейін «ҚазНИПИмұнайгаз» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметін атқарған Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы отырды.
Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы 1972 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келді. 1991 жылы Қызылорда политехникумын, ал 1996 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің геологиялық барлау факультетін «Тау инженер-геологы» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Халықаралық бизнес академиясын аяқтап, Іскер әкімшілік магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1997 жылы «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ-да мұнай мен газды өндіру бойынша 2 дәрежелі оператор қызметінен бастады. 2000 жылға дейінгі аралықта «ХаррикейнҚұмкөлМұнай» АҚ-да бригаданың аға операторы, инженерлік қызмет ұңғымаларын зерттеу бойынша 5 дәрежелі оператор қызметтерін атқарды. 2000-2003 жылдары «Қуат Амлон Мұнай» БК бас кеңсесінде далалық геолог және геолог болып қызмет атқарды. 2003-2012 жылдары еңбек қызметін «Торғай – Петролеум» АҚ-да түрлі қызметтерде жалғастырды: жетекші геолог – геология қызметінің басшысы, игеру жөніндегі жетекші инженер, игеру бөлімінің бастығы, бас геолог, Геология және игеру жөніндегі директор. 2012 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-на шақырылды, 2015 жылға дейін бас геолог, бас директордың геология жөніндегі кеңесшісі, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.
2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ-да қоржындық менеджмент жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылғы 16 тамыздан бастап «ҚазНИПИмұнайгаз» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiгiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiгiнiгiң «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» дипломымен және төсбелгісімен марапатталды.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры қызметінде Мұстафаев М.К. Серіктестікте 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Бас директордың бірінші орынбасары және Бас директор қызметтерін атқарған Қайржан Есен Қайржанұлын ауыстырды.