«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де «Үздік маман – 2026» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары анықталды

09 шілде 2026

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де дәстүрлі «Үздік маман – 2026» кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, өндірістік тәжірибені дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

Биылғы байқауға Компанияның өндірістік бөлімшелерінен 92 қызметкер қатысты. Теориялық кезеңнің қорытындысы бойынша 86 қатысушы практикалық кезеңге жолдама алды.

Практикалық кезең өндірістік нысандарда нақты жұмыс жағдайына барынша жақын ортада өткізілді. Қатысушылар өздерінің кәсіби білімін, өндірістік міндеттерді орындау шеберлігін, технологиялық процестерді меңгеру деңгейін және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау дағдыларын көрсетті. Байқау комиссиясы әрбір қатысушының теориялық дайындығын ғана емес, өндірістік жағдайда дұрыс шешім қабылдау қабілетін де жан-жақты бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

- Мұнай өндіру операторы – Кемалов Ұзақ Жадырасынұлы;

- Механикаландырылған қор операторы – Кургузов Александр Владимирович;

- Ұңғымаларды зерттеу операторы – Пірмаханов Ерсайын Серғазыұлы;

- Қабат қысымын ұстау операторы – Бағланов Мұрат Бақытжанұлы;

- Мұнай дайындау операторы – Нұрадинов Бақытжан Бексұлтанұлы;

- Химиялық талдау зертханашысы – Ким Вадим Вадимович;

- Компрессорлық қондырғылар машинисі – Максимов Максим Юрьевич;

- Сорап қондырғыларының машинисі – Абсаматов Ғалым Әбдіқадырұлы;

- Ұңғымаларды химиялық өңдеу операторы – Өтеғұлов Еркебұлан Патуалыұлы;

- Технологиялық қондырғылар операторы – Пак Геннадий Дмитриевич;

- Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь – Қыстаубаев Мұратбек Маханұлы;

- Токарь – Жаппасбаев Дәулетбай Сейтімұлы;

- Электромонтер – Байменов Ерлан Өткірбайұлы.

«Үздік маман» байқауы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған маңызды корпоративтік жобалардың бірі болып табылады. Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсібилігі, жауапкершілігі мен адал еңбегі Компанияның тұрақты дамуының берік негізі болып табылады. Осындай мамандардың жоғары біліктілігінің арқасында өндірістің сенімділігі қамтамасыз етіліп, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосылуда.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою