«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де жаңа Бас директор таныстырылды
02 маусым 2026
«Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымына Компанияның жаңа Бас директоры таныстырылды. Бұл қызметке Ерсейіт Қайыпов тағайындалды.
Ерсейіт Жолмырзаұлы мұнай-газ кен орындарын игеру саласы бойынша жоғары білім алған. Ол Қытай мұнай университетін тәмамдап, Ұлыбританиядағы Абердин университетінің магистратурасында білім алған.
Еңбек жолын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да материалдарды бақылау жөніндегі маман қызметінен бастаған. Әр жылдары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да қабаттарды игеру инженері, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де кен орындарын модельдеу инженері, «KazPetrol Group» ЖШС-де геология және игеру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Кул-Бас» ЖШС мен «DMS Services» ЖШС-нің бас директоры болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Азиялық Газ Құбыры» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Кездесу барысында Компанияның бұрынғы Бас директоры Зияш Қияқбаевқа адал еңбегі, Компанияның дамуына қосқан үлесі, өндірістік және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметі, сондай-ақ Товариществоның жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізуіне қосқан зор үлесі үшін алғыс сөздер айтылды.

