«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы шығарылды
29 желтоқсан 2025
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев жариялаған және жұмысшы мамандықтары еңбегінің беделін арттыруға бағытталған Жұмысшы мамандықтары жылының ресми жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты рәсім Ақшабұлақ кен орнында ұйымдастырылып, Нұралы, Ақсай және Ақшабұлақ кен орындарының қызметкерлерінің басын қосты.
Салтанатты шара аясында кәсіпорынның өндірістік нәтижелеріне, рационализаторлық қызметтің дамуына және серіктестіктің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға елеулі үлес қосқан 61 қызметкер марапатталды.
Ұжым алдында сөз сөйлеген компания басшылығы кәсіпорынның тұрақты дамуындағы жұмысшылардың маңызды рөлін атап өтті.
«Жұмысшы мамандықтары жылы біздің компания үшін ресми бастама ғана емес, сонымен қатар дамудың нақты серпініне айналды. Қызметкерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі мен бастамашылдығы бүгінде «Қазгермұнайдың» тұрақтылығын қалыптастырады және оның болашағының іргетасын қалайды», — деп атап өтті Бас директор Зияш Қияқбаев.
Өз кезегінде Бас директордың бірінші орынбасары серіктестік пен қызметкерлердің белсенді қатысуының маңыздылығына ерекше тоқталды: «Мұндай ұжыммен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. «Қазгермұнай» командасының бір бөлігі болғаныма шын жүректен қуаныштымын және қызметкерлеріміздің бастамалары мен кәсіби дамуын қолдай отырып, серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайынмын», - деп атап өтті Мин Хайхуэй.
2025 жылдың қорытындысы бойынша марапаттар келесі негізгі бағыттарда табысталды:
- рационализаторлық қызметті дамыту және «Идеялар банкі» – бастамашылдығы, инженерлік ойлауы және өндірістік үдерістерге практикалық жақсартулар енгізгені үшін;
- тәлімгерлік және тәжірибе алмасу – жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі мен кадрлық әлеуетті нығайтқаны үшін;
- жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдері – өндірістік нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін операторлар, слесарьлар, электрмонтерлер, лаборанттар, дәнекерлеушілер, машинистер және басқа да мамандар;
- кәсіби шеберлік (KMG Skills) – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары арасында өткен кәсіби шеберлік чемпионатында сәтті қатысқаны және жүлделі орындарға ие болғаны үшін.
Жылды қорытындылай келе, компания басшылығы жұмысшы мамандықтарына деген құрмет, бастамаларды қолдау және тәлімгерлікті дамыту алдағы жылдары да ұжымдық саясаттың басымдықтары болып қала беретінін атап өтті.


