Қазгермұнай» БК» ЖШС-гі өрт қауіпсіздігі бойынша байқауда сәтті орындады

24 мамыр 2019

Қызметкерлер арасында өрт қауіпсіздігі талаптарының біліктілігін арттыру, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларын жетілдіру және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» кен орнындағы өрттен қорғау өрістерін қалыптастырудың 101 жылдығына орай, 24 мамырда «Өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай» тақырыбында байқау өткізілді. Турнирге компанияның еншілес ұйымдары мен бөлімшелерінің өкілдерінен құралған барлығы 15 команда қатысты.
«Қазгермұнай» БК »ЖШС-нің  командасы байқаудың нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.  Осы байқауда, Серіктестіктің намысын  қорғап шыққан құрама командаға  енгізілген: Кемалов Ұзақ – мұнай және газ өндіру операторы, ко Ақсай, Максимов Максим – компрессорлық қондырғы машинисті, Келдыбайұлы Ерхан – ұңғымаларды химиялық өңдеу операторы, ко Ақшабұлак,  Мырзабеков Төреғали – ГДТЦ тауар операторы.   
 Байқауға қатысушылар барлық шарттарды орындап, сонымен қатар өздерінің дағдыларын жақсартты, сондай-ақ аудиторияға өрт сөндіру құралдары мен экстремалды жағдайдағы командамен жұмыс істеу әдістерін қолдану тәсілдерін айқын көрсетті.

 

      

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою