«Қазгермұнай» БК» ЖШС-гі қызметкерлерді COVID-19 вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде

22 сәуір 2021

Ақпан айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-гі кеңсе және кен орын қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің шығуы ұйымдастырылды, олар COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралар туралы айтып, ұжымның сұрақтарына жауап берді.

Наурыз айының соңында-сәуір айының басында компанияда КВИ вакцинасын алғысы келетін қызметкерлер санын анықтау үшін барлық бөлімшелердің қызметкерлері арасында блиц-сауалнама жүргізілді. Осы сауалнаманың қорытындысы бойынша вакцинаның екінші компонентін алу күнін ыңғайлы жоспарлау мақсатында жергілікті/басқа қалалықтар бөлінісінде, сондай-ақ олардың ауысымдық кестесін көрсете отырып, қызметкерлердің толық деректері бар тізімдер қалыптастырылды.           Тізімге барлығы 200 адам енді.

Қызылордада тұратын қызметкерлер үшін вакцинация Интертич клиникасында ұйымдастырылды. Басқа қалалардан келген қызметкерлер үшін вакцинация Медикер клиникалар желісі арқылы жүргізіледі. Вакцинация барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ресейлік "Спутник V" препаратымен екі кезеңде жүргізіледі.            22 сәуірдегі жағдай бойынша вакцинаны алған Қазгермұнай қызметкерлерінің саны 28 адамды құрады.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою