Қазгермұнай» БК» ЖШС кәсіпшілігіндегі 2022 жылғы референдум
07 маусым 2022
2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе бойынша референдум өтті. «Қазгермұнай» БК» ЖШС келісімшарттық аумағында Қызылорда уақыты бойынша сағат 06:00-ден бастап «Ақшабұлақ» кен орнында орналасқан №246 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Бұл учаскеде Ақшабұлақ кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін ҚГМ қызметкерлері, сонымен қатар мердігерлік ұйымдар дауыс бере алады. Сондай-ақ, келісімшарттық аумақтары «Қазгермұнай» аумақтарымен шектесетін «Kazpetrol Group» ЖШС және «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» мұнай компанияларының еңбек ұжымдарының мүшелері дауыс бере алулары үшін комиссия мүшелерінің аталған компаниялардың аумағына сапары ұйымдастырылды.
№ 246 сайлау учаскесінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Абзал и К» ҚС, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС, «ОйлГазИнжиниринг» ЖШС, «ЭлектроТехнология» ЖШС, «Алстрон» ЖШС, «КазСнабОрда» ЖШС, «Euro Power Invest» ЖШС, «Бастау-S» ЖШС, «Petroleum Technology» ЖШС, «КазCпектрCтрой» ЖШС, «Кумколь-Эко» ЖШС, «Фирма «Best Service LTD» ЖШС, «Клиника Интертич» ЖШС, «КНЭК» ЖШС, «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС, «Бүркіт» ЖШС, «Аружан и К» ЖШС және т.б. қызметкерлерінің арасынан барлығы 1249 сайлаушы тіркелген.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум заң бұзушылықтар мен ескертулерсіз тұрақты режимде өтті.
Сағат 19:00-ге қарай сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, комиссия дауыстарды санауды жүргізді. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы және дауыстарды санау негізінде жасалған барлық бюллетеньдерді комиссия мүшелері Қызылорда қаласының орталық сайлау учаскесіне жеткізді.