«Қазгермұнай» БК» ЖШС Кәсіптік одағы төрағасының Есебі.

30 қаңтар 2020

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында «Бастау» бизнес орталығының мәжіліс залында «Қазгермұнай» БК» ЖШС жұмысшыларының Кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің

жергілікті кәсіптік одақ мүшелерімен 2019 жылдың қорытындысы бойынша Есепті кездесуі өтті. Кәсіптік одақтың төрағасы К. С. Ержан өз сөзінде Қазгермұнай компаниясы ұжымы мен

Басшылығының өзіне көрсетілген сенімі мен қолдауына алғысын білдірді. Онан соң кәсіптік одақ активінің және ревизиялық комиссияның құрамына енген қызметкерлердің

аты-жөндері мен қызметерін атап өтті, бірлестік жөнінде жалпы мағлұмат беріп, есебін бастап кетті. «Қазгермұнай» БК» ЖШС жұмысшыларының жергілікті Кәсіптік одағы қызметінің

қорытынды есебіне демеушілік және қайырымдылық комек ретінде Серіктестік арқылы бөлініп отырған қаржы көздерінің келіп түсуі мен шығысталуы және мүшелік жарнадан

түскен қаржының жұмсалуы, қызметкерлерге берілетін санаторлық-курорттық жолдамалар мен қызметкерлердің балаларына берілетін сауықтыру лагерлеріне

жодламалардың берілуі жөніндегі мәлімет көрсетілген. Кәсіптік одақтың қайырымдылық бағытындағы қызметіне шолу жасалып, фото материалдар көрсетілді.

Кездесу барысында жұмыс беруші мен жұмысшы тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың негізгі талаптарының сақталуына зор мән берілді, сонымен қатар

компанияның кен орнында өндірістік кеңесті құру мәселесі көтерілді. Есеп берілгеннен соң кездесу сұрақ-жауап форматына ұласты. Ақшабұлақ, Нұралы

және Ақсай кен орындары мен Компанияның бас кеңсесінің қызметкерлері бірқатар сұрақтар қойып, Кәсіптік одақтың алдағы жұмысына тілектерін білдірді.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою