«Қазгермұнай» БК» ЖШС «Мектепке жол 2020» қайырымдылық акциясының қатысушысы

09 қазан 2020

«Қазгермұнай» БК» ЖШС «Мектепке жол» республикалық акциясына үнемі қатысып келеді. 2017 жылдан бастап бұл шарадағы Компанияның тұрақты серіктесі - «Арал балалары» қоғамдық қайырымдылық қоры. Қазгермұнай осы ҚҚ-ға ақша аударады, ал қор алушылардың игілігін іріктеумен (Компаниямен келісім бойынша), барлық қаржылық есептілікті жабумен, көмек беру рәсімін ұйымдастырумен айналысады. Жыл сайын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нен алынатын қаражатқа мектеп формасы, рюкзактар және кеңсе тауарлары сатып алынады. Ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясы салдарынан енгізілген қашықтықтан оқыту нысанына байланысты, балалардың қашықтықтан білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 139 планшет сатып алынды.

Акция шеңберінде Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №5 арнайы мектеп-интернатының, Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №6 арнайы мектеп-интернатының, №7 Арнайы (түзету) мектеп-интернатының, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің тәрбиеленушілері, «Арал балалары» ҚҚ қамқорлығындағы онкогематологиялық аурулары бар балалар және «Көкжиек» қоры қолдау көрсететін мүгедек балалар планшеттерге ие болды.

Планшеттерді балаларға «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры М. К. Мұстафаев жеке табыстады. Табыстау рәсіміне Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы А. Б. Қасымова қатысып, Мұрат Мұстафаевқа Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. С. Байқадамовтың қолы қойылған Алғыс хат табыс етті.

Алғыс сөздерімен Компаниядан көмек алған балалардың ата-аналары да сөз сөйледі.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою