«Қазгермұнай» БК» ЖШС-мен қайырымды жаңа жыл

30 желтоқсан 2022

«Қазгермұнай» БК» ЖШС дәстүрлі жаңа жылдық қайырымдылық акциясын қаржыландырды. Серіктестік аз қамтылған отбасыларға арналған 1000 балаға жаңа жылдық сыйлықтар мен 100 азық-түлік жиынтығын сатып алуға 4,5 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.

Акция аясында «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілері, «Арал балалары» ҚҚ қамқорлығындағы онкогематологиялық аурулары бар балалар, психофизикалық даму ерекшеліктері бар «РОЗАЛИЯ МЕН ЭМИР» жекеменшік қорының балалары, сондай-ақ «Еларай» қоғамдық қорының тұрақты қолдауына ие мүгедек балалар, тұрмысы төмен және толық емес отбасылардың балалары сыйлықтарға ие болды. Азық-түлік жиынтығы облыс әкімдігінің тізілімінде тұрған отбасыларға таратылды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою