Қазгермұнай» БК» ЖШС Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтті

05 қыркүйек 2022

2 және 4 қыркүйекте Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесінде және кен орындарында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыстар өтті. Ұжымға бас директор Лю Шаою мен бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахманов құттықтау сөз сөйледі. Олар ұжымға жоғары кәсібилік, үйлесімді жұмыс пен ортақ іске адалдықтары үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара барысында 30 қызметкер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, ҰК, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, Қызылорда облысының әкімі және «Қазгермұнай» БК» ЖШС басқармасы атынан естелік белгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, іс-шара қарсаңында кәсіпшілік қызметкерлері арасында өткен спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою