«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің қызметкерлері ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ марапаттарымен марапатталды

22 желтоқсан 2020

22 желтоқсанда "Қазақстан мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы" ҚБ-нің төрағасы Сұлтан Қалиев Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты Қызылорда өңірінің мұнай-газ өндіру компанияларының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай естелік марапаттар тапсыру болды.

Осыған орай, кәсіподақтар үйінде "Қызылорда облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Серік Сермағамбетовтың қолдауымен салтанатты жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресосрсиз» АҚ, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ, «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС, «Торғай-Петролеум» АҚ өкілдері марапатталды.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС  марапатталған қызметкерлерінің арасында: Мұхтар Бектаев - мұнай және газ өндіру операторы, «Еңбек даңқы» орденімен,  Қуат Нұрғожаев - қазынашылық бөлімінің бастығы "Салалық кәсіподақ алдында сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталып, әлеуметтік даму жөніндегі жетекші маман Исқақова Алтынханға Құрмет грамотасы берілді. Бас директор Мұрат Мұстафаев және Бас директордың бірінші орынбасары Лю Шаою әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен  марапатталды.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою