«Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік нысандарына «KAZENERGY» қауымдастығының басшылығы келді

24 мамыр 2024

24 мамырда Қызылорда өңіріне жұмыс сапары аясында «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров пен Атқарушы директор Фархат Абытов Ақшабұлақ кен орнында болып, автоматтандырылған жүйелерден деректерді бастапқы жинау жүзеге асырылатын жедел басқару орталығының жұмысымен, «Цифрлық кен орны» жобасын іске асыру шеңберінде телеметрия жүйелерінен оларды өңдеу, тексеру және верификациялау шараларымен танысты.

Өнеркәсіпті аралауға шығар алдында «KAZENERGY» қауымдастығына мүше облыс компанияларының: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ, «KAZPETROL GROUP» ЖШС, «САУТС-ОЙЛ» ЖШС, «Sozak Oil and Gas» ЖШС, «Кристалл Менеджмент», «ТУЗКОЛЬМУНАЙГАЗ ОПЕРЕЙТИНГ» ЖШС басшыларымен кездесу болды.

Кездесу қатысушылары Мұнай-газ саласындағы Қауымдастықтың қатысуын қажет ететін проблемалық мәселелерді, ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылады, сондай-ақ жиналғандардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуді ұйымдастыру алаңы ретінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесі таңдалды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою