«Қазгермұнай» БК» ЖШС-не Бас директордың бірінші орынбасары тағайындалды

25 қазан 2021

25 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Жақып Нәсібқалиұлы Марабаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас кеңсесіне жұмыс сапарымен келді. Оның аясында ұлттық компания тағайындаған «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасарын таныстыру мақсатында Серіктестіктің басшылық құрамымен кездесу өтті. Ол – Нұржан Базарбайұлы Әбдірахманов.

Әбдірахманов Нұржан Базарбайұлы 1980 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген. АҚШ, Оклахома, Талсы университетін үздік бітіріп, мұнай инженериясы бойынша ғылым бакалавры дәрежесін алды. Еңбек жолын студент кезінде бастаған, жазғы демалыста Қаражанбасмұнай кен орнында ұңғыма операторы болып жұмыс істеген. Инженер-технологтан бастап өндірістік басқарма директорының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. «Қаражанбасмұнай», «Қазгермұнай», «ҚазМұнайГаз»-да басшылық қызметтер атқарды. 2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары лауазымында Нұржан Әбдірахманов 2018 жылғы қарашадан бастап серіктестікте Бас директор және Бас директордың бірінші орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген Мұрат Мұстафаевты ауыстырды.

Ұжым алдында сөйлеген сөзінде Жақып Марабаев Мұрат Мұстафаевқа және серіктестіктің барлық қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, енді кәсіпорынның жаңа басшысына жүктелетін жауапкершілікті атап өтті. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің тұрақты жұмысы бүкіл Қызылорда өңірі үшін стратегиялық маңызды, өйткені компания облыс тұрғындарының, жылу көздері мен энергия көздерінің мұқтаждықтары үшін құрғақ газды жеткізетін жалғыз компания болып табылады. Сондай-ақ, ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерінде жергілікті атқарушы биліктің ең сенімді және адал серіктестерінің бірі болды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою