«Қазгермұнай» БК» ЖШС өңірге КВИ-мен күресте көмек көрсетуді жалғастыруда
16 тамыз 2021
COVID-19 пандемиясы туындаған сәттен бастап «Қазгермұнай» БК» ЖШС өз қызметкерлері арасында инфекцияның таралуының алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп қана қоймай, Қызылорда өңіріне осы қауіпті аурумен күресуде үнемі демеушілік көмек көрсетуде.
Компания бір жылдан астам уақыттан бері Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен тығыз серіктестік байланыста, оның қызметкерлері эпидемиологиялық жағдайға үнемі талдау жүргізіп, Қызылорда мен облыс тұрғындарын тиімді емдеу үшін қажетті нақты медициналық жабдықтар мен шығын материалдарына қажеттілікті анықтайды.
Бұл жолы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің демеушілік қаражатына қаланың емдеу мекемелеріне 10 жоғары ағынды оттегі терапиясы аппараты («O2FLO» жылытуы бар жоғары ағынды тыныс алу ылғалдандырғышы) сатып алынды. Осы мақсаттар үшін компания 24,5 миллион теңге бөлді.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын БК есебінен өңірге: Көпбейінді облыстық ауруханаға қуаты 80 Нм3/сағ абсорбциялық-оттегі станциясы, Қармақшы және Жаңақорған аудандық ауруханаларына екі жылжымалы цифрлық рентген-аппараты, Облыстық фтизиопульмонология орталығына 68 ПТР реактив жиынтығы, Қызылорда емханаларына вакциналарды тасымалдау және сақтау үшін 13 медициналық мұздатқыш және 20 тасымалданатын автотоңазытқыш сатып алынған болатын.