«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты

14 маусым 2019

            2005 жылдың мамыр айында 14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде бекітілді. 2019 жылғы 14 маусымда «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас басқармасының қызметкерлері осы бастамамен «Облыстық қан орталығына» барды. Бұған дейін Серіктестік қызметкерлері өз әріптестерінің отбасыларында Төтенше жағдайлар туындаған кезде бірнеше рет қан доноры болған. Бүгін «қазгермұнайшылар» қан қорын толықтыру мақсатында қан тапсырды.

            «Біз бүгін тек қайырымдылық ниетпен қан доноры болуды шештік. Өйткені, өкінішке орай, сенімен немесе жақындарыңмен не болуы мүмкін екенін ешқашан білмейсің. Жүздеген адам өмірін уақытында тапсырылған қан құтқаратынын елестеткенде, осы ізгі іске қатысқымыз келеді», - дейді акция қатысушыларының бірі Ким Сергей.

«Жиі адамдар қан тапсырудан қорқады, себебі қан тапсыру рәсімі алдында қорқыныш сезіледі. 450 мл. қан алу донордың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейтіні бірнеше рет дәлелденген болатын. Сондықтан біз денсаулықтары мүмкіндік беретіндерді бізден үлгі алуға шақырамыз!» - деді Абасов Ахмет.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою