«Қазгермұнай» БК» ЖШС Жас мамандар кеңесі жалпыұлттық «Игі істер марафонының» қатысушысы болды»
03 наурыз 2021
Алғыс айту күні басталған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыұлттық «Игі істер марафоны» аясында ҚазГерМұнай Жас мамандар кеңесі Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп компьютерлер тарату бойынша қайырымдылық акциясын өткізді.
Қалалық білім бөлімі ұсынған тізімі бойынша аз қамтылған және көп балалы он отбасыға «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де бұрын қолданыста болған жақсы жұмыс жағдайындағы компьютерлер табыс етілді. Ал облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бұл компьютерлерге бағдарламалық жасақтама орнатты. Енді балалардың коронавирустық инфекция пандемиясының салдарынан Қызылорда аймағында толық емес, бірақ әлі де жалғасатын онлайн-оқытуға толықтай қолжетімділігі пайда болды.