"Қазгермұнай" БК" ЖШС жетім балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

03 маусым 2020

1 маусым күні "Атамекен" отбасылық үлгідегі балалар ауылы аумағында мекеме әкімшілігі өз тәрбиеленушілеріне Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті. Балалар мен тәрбиешілердің күшімен концерттік бағдарлама дайындалды, сонымен қатар сурет конкурсы мен спорттық эстафета өткізілді.

"Қазгермұнай" БК" ЖШС ұзақ мерзімді негізде "Байқоңыр" балалар ауылының тәрбиеленушілері мен түлектеріне жоғары оқу орындарында бітірушілердің оқуын төлей отырып, балалардың түрлі республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуын қаржыландырып, үйге тұрмыстық техника сатып ала отырып, қолдау көрсетеді. Бұл жолы компания шетте қалмады және балаларға "Қазгермұнай" басқармасынан құттықтау хаттарын және сыйлықтарды: жазғы аяқ киім, киім, жемістер мен тәттілерді табыстады.

"Байқоңыр" үйінің балалары мен анасы, сонымен қатар КГМ басшысы Скакова Л.  Н. сыйлықтарды қуана қабылдап, "Қазгермұнай" БК" ЖШС басшылығы мен ұжымына көңілдері мен қамқорлығы үшін үлкен ризашылықтарын білдірді. 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою