"ҚАЗГЕРМҰНАЙ "БК"ЖШС УЧАСКЕСІНДЕГІ РЕФЕРЕНДУМ

06 қазан 2024

"Қазгермұнай" БК " ЖШС келісімшарттық аумағында сағат 05:00-ден 20.00-ге дейін Ақшабұлақ кен орнында орналасқан №246 жабық учаске жұмыс істеді. Аталмыш учаскеде Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарында ауысымдық әдіспен жұмыс істейтін Серіктестік қызметкерлері, ҚГМ мердігер мекемелерінің жұмысшылары, сондай-ақ келісімшарттық аумақтары Қазгермұнай аумағымен шекаралас мұнай компанияларының еңбек ұжымы мүшелері дауыс бере алады.

            Қалалық аумақтық референдум комиссиясы бекіткен сайлаушылардың жалпы саны – 1636 адам, оның ішінде ҚГМ өз персоналы (270), мердігерлік ұйымдар (389), көрші компаниялар мен олардың мердігерлері (977):"Рахат-Строй" ЖШС, "TES Service Company" ЖШС, "Фуд-Сервис Казахстан" ЖШС, "Бастау S" ЖШС, "Абзал и К" ТС, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС, "ОйлГазИнжиниринг" ЖШС, "НефтьТехСервис" ЖШС, "Альстрон" ЖШС, " КЛИНИКА ИНТЕРТИЧ Қызылорда", "Zhanros drilling" ЖШС және т. б.

            Сондай-ақ жақын маңдағы компаниялардың аумағына: "Кристалл Менеджмент" АҚ, "kazpetrol Group" ЖШС, "галаз и к" ЖШС, "Тезкуль Мингаз Оперейтинг" ЖШС, "САУТС ОЙЛ"ЖШС барып дауыс жинау ұйымдастырылды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы
Бас директор (Басқарма төрағасы)
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі)

Сауал қою