«Қазгермұнай» Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
06 наурыз 2026
Мереке құрметіне компанияда салтанатты іс-шаралар өтті. Кәсіпорын басшылығы қызметкерлерге кәсібилігі, жауапкершілігі және серіктестіктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. «Қазгермұнай» компаниясында жұмыс істейтін нәзік қауым өкілдері өндірістік бөлімшелерден бастап қаржылық, кадрлық және заң қызметтеріне дейінгі әртүрлі салаларда табысты жұмыс істеп келеді, жоғары табыстарға жетуде.
Бас директор Зияш Қияқбаев 5 наурызда өндірістік нысандарды аралап, кен орнында жұмыс істейтін әйелдерді құттықтап, еңбектеріне алғыс білдіріп, акционердің, Қызылорда облысы әкімінің және «Қазгермұнай» Басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады.
Бас кеңседе мерекелік іс-шара өтті, оның барысында қызметкерлерге кәсіптік жетістіктері мен кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Бұл күні аруларға компания мен серіктестік кәсіподағынан гүл, шоколад және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді сатып алуға сыйлық сертификаттар алынды.

