"ҚазГерМұнай" коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша жұмыс жүргізуде

02 сәуір 2020

Коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында "Қазгермұнай" БК" ЖШС өз қызметкерлері мен олардың жақын-туыстарын жұқтыру тәуекелдерін азайту бойынша барлық шараларды қабылдайды. Бүгінгі күні, бұрын-соңды болмағандай, серіктестіктің еңбекті қорғау және қауіпсіздік стратегиясында алдына әрдайым қойып жүрген басты мақсаты, яғни қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өзекті болып отыр. Вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қолданыстағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтіледі және қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарының қызметкерлері бұрынғы жұмыстың вахталық әдісінің 15/15 күн ұзақтығы орнына 28/28 күн жұмыс режиміне ауыстырылған болатын. Өзінің еңбек қызметін Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асыратын әкімшілік-басқару қызметкерлерінің көпшілігі барынша әлеуметтік оқшаулауға деген аса жоғары ұсыныс алып қашықтықтан жұмыс істеу режиміне жіберілген болатын. Өткен кезеңдер бойынша еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері бар офис қызметкерлері демалысқа жіберілген болатын. ӘБП жалпы штаттық саны 179 адам бола отырып, ағымдағы сәтте 74 қызметкер қашықтықтан жұмыс істеу режимінде, ал 60 қызметкер еңбек демалыстарында болады. Өндірістік персоналға келетін болсақ, жыл сайынғы еңбек демалыстарына қызметкерлердің 19%-ы жіберілген.

Кеңсенің және кәсіпшіліктің барлық қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген (қорғаныш медициналық маскалар және қолға арналған антисептиктер). ЖҚҚ тарату қажеттілігіне қарай жалғасады. Штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыратын компанияның барлық қызметкерлері күніне екі рет дененің температурасын міндетті түрде өлшеумен қатар жедел-медициналық тексеруден өтеді.

Адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында кәсіпорын әкімшілігі асханалардың әр түрлі қызметтерге қатыстылығын, сондай-ақ ауысымдығын ескере отырып, өндірісте әсер етуі мүмкін жаңсақтықты болдырмау үшін, асханаларға бару кестесін жасалған болатын. Кәсіпшілік және кеңсе аумағында орналасқан спорт және жаттығу залдарына баруға тыйым салынды.

"Қазгермұнай" БК" ЖШС жедел штабы басшылығының тапсырмасы бойынша Ақшабұлақ және Ақсай кен орындарындағы бақылау-өткізу орындарында санитариялық бекеттер ұйымдастырылды, онда компанияның келісім-шарт аумағына кіретін барлық тұлғаларды (ҚГМ қызметкерлері, мердігерлік ұйымдардың өкілдері) медициналық қызметкерлер тексеріп, дене температурасын өлшеп, көзбен шолып тексеру жүргізеді, сондай-ақ ЖҚҚ пайдаланбайтын адамдардың жіберілуіне жол берілмейді.

Сонымен қатар жедел штаб шұғыл іс-шаралар жоспарын, алгоритмін, сондай-ақ серіктестіктің кен орнында қызметкердің коронавирустық инфекциясын жұқтырғаны анықталған жағдайда хабарлау схемасын әзірлеп бекіткен болатын.

Компанияның барлық медициналық пункттері вирусқа қарсы және басқа да қосымша дәрі-дәрмектермен, тепловизорлармен қамтамасыз етілген, олардың жанында изоляторлар ұйымдастырылған. Санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді: кеңсе және кәсіпшілік аумағындағы барлық үй-жайларды жинастыру күніне екі рет жүзеге асырылады, көлікті зарарсыздандыру және үй-жайларды кварцтау жүргізіледі.

Бұдан басқа КВИ алдын алу бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыстар күшейтіледі (ақпарат электрондық пошта бойынша, мессенджерлер арқылы жіберіледі, қабырға панельдері мен т.б. орналастырылады). Компания заңгерлері ТЖ жағдайында азаматтарға қойылатын шектеулер мен талаптар және осы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары және жеке тұлғалардың жалған ақпаратты таратуы, жіберуі бойынша әрекеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою