«Қазгермұнай» мұнайшылардың кәсіби мерекесін атап өтті

02 қыркүйек 2024

Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған "ҚазГерМұнай "БК" ЖШС кеңсесінде және кен орындарында салтанатты іс-шаралар өтті.

Мереке 28 тамызда әкімшілік-басқару қызметкерлерін Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған медальдармен, естелік белгілермен, ҚР Энергетика министрлігінің, KAZENERGY қауымдастығының, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімінен басталды.

Кешке "Басқатырғыш" зияткерлік байқауы мерекелік бағдарламаны жалғастырды. Квиз қатысушыларды Қазақстандағы мұнай өндіру тарихы бойынша білімін анықтайтын, логика және жалпы эрудициясын дамытатын сұрақтар күтіп тұрды.

29 тамызда серіктестік басшылығы кен-орны қызметкерлерін құттықтады. Нұралы және Ақшабұлақ кен орындарында мерекелік концерттер өтті, оның барысында компанияның еңбек сіңірген қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді. "Үздік маман" байқауының ішкі кезеңінің жеңімпаздары, сондай-ақ өндірістік персонал үшін ұйымдастырылған спартакиада жүлдегерлері марапатталды.

Бас директор Зияш Киякбаев пен бас директордың бірінші орынбасары Лю Шаою құттықтау сөздерін сөйледі. Ұжымды мерекемен құттықтап,  жоғары кәсібилігі, үйлесімді жұмысы және ортақ іске адалдығы үшін өз алғыстарын білдірді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою