"Қазгермұнай": операциялық тиімділікті арттыру
03 наурыз 2025
Кен орындары мұнай қорларының өндірілуімен және оны алу коэффициентінің төмендеуімен сипатталатын мұнай өндіруші кәсіпорындардың операциялық тиімділігін арттыру олар үшін басым міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан, аталған көрсеткіштер 88% және 0,47 д. бірлікті құрайтын "Қазгермұнай" компаниясында операциялық тиімділікті күшейту мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Компания күнделікті міндеттерді автоматтандыру және жұмыс өнімділігін арттыру және әртүрлі өндірістік процестерді оңтайландыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізуде. Жетілдірудің соңғы мысалдарының бірі газды алдын ала ,бөлмей, құрама коллектор бойынша ұңғыма өнімдерін тасымалдау есебінен Ақшабұлақ кен орнын жинау жүйесін оңтайландыру бастамасы болды. Бұл ретте №1 топтық қондырғы пайдаланудан консервациялауға шығарылды, бұл объектіні электрмен жабдықтауға, тежеуге, сорғы агрегаттарына, сепарациялық қондырғыларға, жылытқыштарға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсетуге арналған операциялық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.