«Қазгермұнай» Қызылорда облысы ТЖД-ның Алғыс хатымен марапатталды

30 қыркүйек 2025

2025 жылғы 19 қыркүйекте «Қазақтүрікмұнай» БК» ЖШС-нің Нұралы кен орнындағы оқу-жаттығу полигонында азаматтық қорғау және ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша кешенді оқу-жаттығу жиындары өтті.

Өткізілген оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті компанияға Алғыс хат табыс етті.

«Қазгермұнай» басшылығы компания үшін қауіпсіздік әрқашан бірінші орында қала беретінін атап өтті. Мұндай жаттығулар қызметтердің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға, өндірістік процестердің сенімділігін қамтамасыз етуге және ең бастысы, қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Алынған Алғыс хат «Қазгермұнай» корпоративтік мұражайында құрметті орын алып, компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне деген жауапты көзқарасының марапаттары мен тану белгілерінің жинағын толықтырды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою