«Қазгермұнай» өз позициясын нығайтуда: компания қызметкерлері «KMG Skills» чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
21 қараша 2025
Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ тобына кіретін ұйымдар арасында өткен «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп, КМГ-нің 19 еншілес және тәуелді ұйымынан келген жүзге жуық қатысушыны бір арнаға тоғыстырды.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің қызметкерлері жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп, конкурс тапсырмаларын сенімді орындады және бірнеше аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан табылды. Чемпионатқа компания атынан өндірістік блоктың негізгі техникалық мамандықтары бойынша 12 қызметкер қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша «Қазгермұнай» өкілдері келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды:
1-орын — «Ұңғымаларды зерттеу операторы» аталымы — Ерсайын Пірмаханов
2-орын — «Мұнай-газ өндіру жөніндегі оператор» аталымы — Ұзақ Кемалов
2-орын — «Технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі» аталымы — Ғалымжан Асанханов
2-орын — «Электр газбен дәнекерлеуші» аталымы — Рахымжан Отарбаев
2-орын — «Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі» аталымы — Нұрбол Тілегенов
Компания басшылығы чемпионат жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтай отырып, олардың кәсібилігіне, өз ісіне адалдығына және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің беделін салалық деңгейде лайықты қорғағандары үшін алғысын білдіреді.
