Қазгермұнай Жеңіс қаһармандарына алғыс білдіреді

08 мамыр 2025

Жеңіс күні қарсаңында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ерекше жылылықпен және құрметпен еске алып, оларға тағзым етті. Компания он бес жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде «Қарттарым – асыл қазынам» атты акциясын өткізіп келеді. Осы акция аясында компания басшылығының өкілдері ардагерлердің үйлерін аралап, ақшалай сыйлықтар, естелік хаттар мен мерекелік тәтті сый-сияпат табыстайды. Бұл — өмірі мен денсаулығын құрбан етіп, бізге бейбіт аспан сыйлаған жандарға деген терең құрметтің белгісі.

Өкінішке қарай, ардагерлер ұрпағы арамыздан азайып бара жатқандықтан, биылғы жылы Яхия Тасыров жалғыз құттықтау алған соғыс қаһарманы болды. Яхия Тасыров — Сырдария ауданы Теренөзек кентінің тұрғыны. Оның майдан жолы 1942 жылдың қазан айында Сталинград түбінде басталған. Ол фельдмаршал Паулюсті тұтқындау операциясына қатысып, окоптар мен танкіге қарсы ор қазып, ауыр шайқастарға түсті. Кейін Курск маңында жараланып, Берлин түбінде ауыр жарақат алған. Алты ай бойы Мәскеудегі госпитальда емделіп, тек 1946 жылы ғана үйіне оралды. Оның табандылығы, ерлігі мен рухы — барлық ұрпаққа үлгі.

Биыл компаниямызда Ұлы Отан соғысына қатысқан қызметкерлеріміздің әкелері мен аталарының фотосуреттерін жинау туралы жаңа бастама жүзеге асты. Бұл құнды суреттер «Естелік қабырғасы» жобасының негізіне айналды. Мұндай үш қабырға компанияның бас кеңсесінде, сондай-ақ Ақшабұлақ пен Нұралы кен орындарында орнатылды. Бұл — әрбір адам тоқтап, еске алып, алғыс айтуына мүмкіндік беретін орынға айналды.

Компания кеңсесінде Отан бостандығы үшін күрескен барлық жандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі және бір минут үнсіздік өтті. Ұжымға шабыт беретін сөздерімен Бас директор Зияш Қалдыбекович пен Бас директордың бірінші орынбасары Мин Хайхуэй тілек білдірді. Олар халықтың ерлігі — жай ғана тарих парағы емес, ол — азаматтық болмысымыз бен ұжымдық мәдениетіміздің негізі екенін атап өтті.

Бұл акция ұжым арасында үлкен қолдау тапты. Қызметкерлер батыр бабаларының тарихымен мақтанышпен бөлісіп, оны жүрегімізде және ісімізде сақтаған сайын есте қалатынын тағы бір дәлелдеді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою