«Қазгермұнай»БК» ЖШС «Үздік гидротехник – 2026» республикалық конкурсының салтанатты ашылуына қатысты

25 мамыр 2026

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің базасында өткен «Үздік гидротехник-2026» республикалық кәсіби конкурсының салтанатты ашылуының құрметті қонағы болды.

Іс-шараға гидротехника саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстанның бес оқу орнының өкілдері қатысты. Бүгінгі таңда дәл осы колледждер елдің ең стратегиялық маңызды салаларының бірі үшін кадрлық резервті қалыптастырады.

Салтанатты рәсім барысында серіктестік, сондай-ақ Бас директордың кадрлық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ботагөз Әшірбекова және персоналды оқыту және дамыту жөніндегі жетекші инженер Әйгерім Ерғалиева колледж студенттерінің орта-арнайы техникалық білім алуына демеушілік көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Компанияның колледжбен ынтымақтастығы бірінші жылдан бері жалғасып келеді. Тек соңғы екі жылда ҚГМ қолдауымен 103 студент оқудан өтті, ал қаржыландыру көлемі 14 миллион теңгеден асты.

Бүгінгі таңда су қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану және су қорларын толықтыру мәселелері Қазақстан үшін ерекше өзектілікке ие. Мұндай жағдайда «Үздік гидротехник – 2026» конкурсын өткізу елдің стратегиялық міндеттерін шешуге үлес қоса алатын қазіргі және болашақ жоғары білікті мамандарды анықтау үшін маңызды алаңға айналуда.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС үшін Республикада сұранысқа ие жұмысшы және техникалық кәсіптерді дамытуды қолдау және білікті мамандардың жаңа буынын даярлауға үлес қосу ерекше маңызды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою