"Қазгермұнайда" Бас директордың бірінші орынбасары зейнетке шықты
17 қыркүйек 2024
2024 жылдың 17 қыркүйегінде бас директордың бірінші орынбасары Лю Шаою мырзаны құрметті еңбек демалысына шығарып салдық. Лю Шаою «Қазгермұнай» компаниясында 2020 жылдан бастап қызмет атқарды. Оның жалпы еңбек өтілі 37 жылды құрайды.
1987 жылы Лю Шаою Хуадун мұнай институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша тәмамдады, ал 1998 жылы И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік Мұнай және Газ Академиясында аспирантураны аяқтап, техникалық ғылымдар бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін алды.
Лю Шаою еңбек жолын 1987 жылы Пекин қаласындағы «КННК» ұйымында мұнай-газ кен орындарын барлау департаментінің инженері ретінде бастады. Содан кейін И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясында оқуын аяқтап, «CNODC» компаниясында шетелдік жобалар басқармасы директоры болып тағайындалды, әрі қарай «СНПС - Актобемұнайгаз» ААҚ-ның бірінші орынбасарынан кейін, Қазақстанда мұнай өндіру кәсіпорындары, мысалы, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ, «Бузачи Оперейтинг Лимитед» сияқты компанияларын басқарды.
2020 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не бас директордың бірінші орынбасары қызметіне ретінде қабылданды, кейінірек серіктестіктің бас директоры болды.
Лю Шаою Қазақстандағы «ММГ», «КМК», «Қашаған», Ресей Федерациясындағы «Ямал СПГ», Түркіменстандағы Амударияның оң жағалауында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстандағы барлау блоктарында бірқатар жобаларды бағалау мен сатып алуға қатысты. 2001 жылы Оңтүстік-батыс Прикаспий ойпатының Орталық аймағындағы барлау блогын сатып алуға қатысты.