«Қазгермұнайдағы» «Шаңырақ күні»: жылулық, даналық және ұрпақтар бірлігі

17 наурыз 2025

17 наурызда «Қазгермұнай» БК ЖШС конференц-залында «Жүректен жүрекке: ұрпақтар даналығы» атты дөңгелек үстел өтті. Оны «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында «Сыр аруы» әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды. Отбасылық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиеге арналған бұл шара компания қызметкерлері арасында қызу қолдау тапты.

Іс-шараға қатысушылар маңызды тақырыптарды талқылады: өмірлік даналықты ұрпақтан ұрпаққа қалай жеткізуге болады, қазіргі әйел отбасы мен мансап арасындағы теңгерімді қалай табуға болады, сондай-ақ отбасындағы үйлесімділікті сақтауға қандай дәстүрлер көмектеседі. Компанияның ардагерлері – Разия Қалжанова мен Алтынхан Ысқақованың, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бөлімінің жетекші инженері Ботагөз Аманқұлованың аналық тәрбиенің маңызы туралы шабыттандыратын әңгімесі ерекше әсер қалдырды.

Дөңгелек үстелдің соңында жиналғандар өз ойларымен және өмірлік оқиғаларымен бөлісе отырып, ашық пікірталасқа қатысты. Іс-шара алғыс сөздерімен және естелік фотосуретпен аяқталды.

«Сыр аруы» әйелдер қауымдастығы тәжірибе алмасу және дәстүрлі құндылықтарды қолдау үшін кеңістік жасай отырып, белсенді қызметін жалғастыруда. Біз бұл шараға қатысқан барлық адамға алғыс айтамыз және жаңа кездесулерді асыға күтеміз!

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою