«Қазгермунай» Нұралы кен орнында оқу-жаттығу жиынын өткізді
19 қыркүйек 2025
2025 жылғы 19 қыркүйекте «Қазгермунай» ЖШС-нің Нұралы кен орнындағы оқу-жаттығу полигонында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою бойынша кешенді оқу-жаттығу жиындары өтті.
Іс-шараға компания құрылымдарының жеке құрамы, мамандандырылған авариялық-құтқару қызметтері және серіктес ұйымдар: «РЦШ ПВАСС» ЖШС-нің «Ақ Берен» ҚФ, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «KMG-Security» ЖШС және «Интертич Медициналық Ассистанс» медициналық қызметі қатысты.
Оқу-жаттығулар Қызылорда облысы ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Мырзагелдиевтің тікелей қатысуы және бақылауымен өтті, ол мамандардың жоғары дайындығын және жұмылдырылған бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылдарын атап өтті.
Жаттығу тақырыбы екі негізгі сценарийді қамтыды:
- Фонтан арматурасы мен арқан жабдықтарын қолдана отырып, ұңғымадағы газ-мұнай шығынын жою.
- Жоғары қысымды пневмопластырьларды пайдалана отырып, технологиялық мұнай-газ құбырындағы газ жарылысын жою.
Оқу-жаттығудың мақсаты – авариялық жағдайлар туындаған кезде компания қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға дайындығын тексеру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын және қауіпсіздік ережелерін сақтауды пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі пысықталды, өрт сөндіру және медициналық техника орналастырылды, сондай-ақ авариялық жағдайларды жоюдың практикалық дағдылары көрсетілді.
«Қазгермунай» ЖШС басшылығы мұндай оқу-жаттығуларды өткізу өндірістік процестердің сенімділігін және қызметкерлердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін корпоративтік қауіпсіздік саясатының маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.