«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ еншілес ұйымдары жасмамандарының ІҮ Съезді

07 маусым 2016

8-10 маусым күндері Қызылорда қаласында, «Қазгермұнай» мекемесінде «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы жас мамандарының жыл сайынғы IV форумы өтті. «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобының еншілес ұжымдарынан, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау облыстары мен Астана қаласында еңбек ететін озық ойлы жас мамандар келді. Форумның алғашқы күнінде жергілікті мұнайшылар форум қонақтарын «Қазгермұнай» компаниясының бас ғимараты мен ондағы музейді аралатты. Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенімен таныстырды.
 
Қызылорда да өткен биылғы кеңестің ерекшелігі –байқауда жуырда өндіріске енгізілген инновациялық жобаларға айрықша маңыз берілді. Жас мамандар арасында инновациялық жобалар сайысы осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Сайысқа 35 жас маман өндірісті дамытуға, компания қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған өз жобаларын ұсынды. Шараға қатысқандар арасында «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес компаниялар; «Қазгермұнай»БК»ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «Круз» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС және ҚМГ БӨ-нің жұмыскерлері бар. Жобалар сайыстың бес секциясы бойынша ұсынылды: «Геология, геофизика және өңдеу», «Мұнай мен газ өндірудің техникасы мен технологиясы», «Ұңғымаларды кезекті жөндеуден өткізу кезінде, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу және бұрғылау кезінде қолданылатын технологиялар», «Мұнай өндіру және қабатты қысымды бір қалыпта сақтау кезіндегі технологиялық процесстердегі химиялау және энергетика», «Өндірістік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау», «Экономика және қаржы».
 
Сайыстан өзге форум аясында ҚМГ БӨ бас директоры, Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманғазыт Исқазиевтың жас мамандармен кездесуі өтті. Жиын барысында компания басшысы жас мамандарға балалық шағы жайлы әңгімелеп, өмірлік ұстанымдары және қызметтік жетістіке жетудің қыр-сырымен бөлісті. Топ- менеджерлердің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер форум үшін дәстүрге айналып үлгерді. Мұндай кездесулер жастарға еркін түрде басшылық өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге форумға қатысушылар «Қазгермұнай» БК» ЖШС игеріп жатқан Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына барып, Оңтүстік Торғай бассейніндегі өндірістің ерекшеліктерімен танысты. 

 

  
 
  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою