"ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ-ның Басқарма Төрағасы мұнайшыларды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

14 желтоқсан 2020

14 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай "Қазмұнайгаз ҰК " АҚ-мы бейнеконференц-байланыс арқылы салтанатты жиналыс ұйымдастырды, оған республиканың он бір қаласынан жиырма сегіз еншілес-тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары мен марапатталатын қызметкерлері қатысты. Солардың бірі "Қазгермұнай "БК" ЖШС-гі болды.

     Әнұран орындалғаннан кейін,  іс-шараны дәстүрлі түрде ашқан "ҚМГ ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жиын қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдады. Ол тәуелсіздіктің Қазақстан халқы үшін маңызын атап өтіп, жиналғандардың назарына мұнай секторы Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқанын жеткізді. Ал биыл пандемияға және экономикалық дағдарысқа қарамастан, ҚазМұнайГаз ең бастысы өндірістік персоналдың жұмыс орындарын сақтап қалды, бұл әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауын ескертті, демек, біздің қоғамдағы тұрақтылықтың нығаюына ықпал етті.

     Іс-шара қызметкерлерді Ұлттық компанияның Ескерткіш таңбаларымен және Құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімімен жалғасты.             Еншілес-тәуелді ұйымдарының бірінші басшылары өз әріптестеріне марапаттар тапсырды. "Қазгермұнай" БК " ЖШС-нің бас директоры        Мұрат Мұстафаев Ақшабұлақ кен орны мұнай және газ өндіру департаментінің жетекші инженер-механигі Жадрас Оразымбетовке Ескерткіш таңбасын және Нұралы кен орны мұнай және газ өндіру департаментінің инженер-технологы Айбек Пірімовке Құрмет грамотасын табыс етіп, оларды құттықтап, компаниядағы адал еңбегі мен жоғары кәсіби деңгейі үшін алғысын білдірді.

      Рәсім барысында ҚазМұнайГаз компаниялар тобына кіретін барлық кәсіпорындардан барлығы 62 қызметкер марапатталды.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою