«Бас геолог» бағдарламасындағы үздік жоба  «Қазгермұнай» БК »ЖШС-не тиесілі болды

06 қазан 2021

1 қазанда «Бас геолог» модульдік оқыту бағдарламасы аяқталды, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының мамандары қатысты. 2020 жылдың қыркүйегінде басталған бағдарлама алты модульді қамтыды, оның шеңберінде қатысушылар барлау мен геология, игеру, бұрғылау және кен орындарын игеру, сондай - ақ мұнай - газ экономикасы бойынша білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Оның басты мақсаты Қазақстанның әр түкпірінен келген мамандар арасында тәжірибе мен білім алмасу алаңын құру болды.

«Қазгермұнай» БК »ЖШС атынан бұл бағдарламаға геология бөлімінің бастығы Думан Ахметов қатысты. Оның «Нұралы-Ақсай кен орнының ресурстық базасын ұлғайту стратегиясын қалыптастыру» тақырыбындағы жобасы «Үздік жоба» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Біз әріптесімізді мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою