Бас кеңсе блоктарының арасындағы мини-футболдан өткен турнир

05 мамыр 2016

Отан қорғаушылар күніне орай «Евразия» СК ҚГМ БК құрылымдық блоктарының арасында мини-футболдан ішкі турнир ұйымдастырылды. Турнирге әкімшілік, өндірістік, геологиялық және қаржы блоктарының командалары қатысты.

 
Алдын-ала жасалған келісім бойынша әрбір команда турнирдің жүлде қорына 25 000 теңге жарнапұл салды.
 
Ойын барысында компания басшылығы мен қызметкерлерінен тұратын командалардың жанкүйерлері футболистерді  жеңіске жетуге  жігерлендіріп қызу  қолдау көрсетті.
 
Ойындардың қорытындысы бойынша, жүлделі орындар (ұтыстар) командалар арасында төмендегідей жолмен бөлінді:
 
  • І орын – әкімшілік блогы  (50 000 теңге)
  • ІІ орын – геологиялық блок (30 000 теңге)
  • ІІІ орын –өндірістік блок ( 20 000 теңге)
  • ІV орын – қаржы блогы (жүлдесіз)

 

Командаларды марапаттау рәсімі ертең 6 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік шарада болады.

   

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою