Басқарма құрамындағы өзгерістер
04 маусым 2018
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Жарғысына сәйкес, бас директор және бас директордың бірінші орынбасары қызметіне үміткерлерді ұсыну құқығы Серіктестік Қатысушылары арасында 3 жыл мерзімге кезектесіп ауыстырылады.
Еңбек ұжымына Басқарманың жаңа құрамын таныстыру үшін Серіктестіктің ББ кеңсесіне Қадағалау кеңесі мүшелері келді: Нұргалиев К.Ж., «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор; Найзабеков Б.Т., ҚМГ БӨ мұнай тасымалдау, сатып алу және маркетинг жөніндегі басқарушы директор; және Абудурэсити Турсун, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті.
Басқарма Төрағасы, Серіктестіктің бас директоры қызметіне Қайржан Есен Қайржанұлы тағайындалды. Басқарма Мүшесі, бас директордың бірінші орынбасары қызметіне Тянь Кэцзянь тағайындалды.
Е. Қайржан 1985 жылы Алматы қ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2012 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы ЖКБ МБМ бітірді.
Е. Қайржан Құмкөл мұнайын игеру үшін Маңғышлақтан жіберілген алғашқы мұнайшылардың қатарында болды.
Еңбек қызметін 1985 жылы «Маңғышлақ мұнай» бірлестігінің «Жетібай-мұнай» МГӨБ-да слесарь-жөндеуші қызметінен бастады. 1992-1994 жж. Маңғышлақ мұнара монтаждау басқармасында еңбек етті. 1994-1995 жж. «Южнефтегаз» МАҚ–да өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1995 жылы «Құмкөл-ЛУКойл» АҚ-на жұмысқа орналасты. 2001 жылы компания атауы «Торғай Петролеум» АҚ болып өзгертілді. 2009 жылы Бас директор қызметіне орналасты. 2016 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың маусым айына дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті қызметін атқарды.
1999 жылы ҚР мұнай-газ кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақ мұнайының 100 жылдығы қарсаңында «Ерен Еңбегі үшін» медалімен; 2009 жылы «Құрмет» орденімен; 2010 жылы «Атамекен» орденімен марапатталды.
Тянь Кэцзянь 1984 жылы Шығыс-Қытай мұнай Институтын «Мұнай кенішінің инженер-әзірлеушісі» мамандығы бойынша бітірді.
Мұнай-газ саласында 33 жылдық еңбек тәжірибесі бар, оның 30 жылын мұнай компанияларының өндірістік үдерісін басқару саласына арнаған. Қазақстан Ресмпубликасындағы жұмыс тәжірибесі – 18 жыл.
Еңбек қызметін 1984 жылы «Қарамаймұнайгаз», СУАР, ҚХР компаниясының өндірістік басқармасының инженері қызметінен бастады.Осы компанияда 1997 жылға дейін бас инженердің орынбасары, онан кейін директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылдан 2004 жылға дейін «CNPC-АқтөбеМұнайГаз» АҚ –да бас инженердің орынбасары, бас инженер қызметін атқарды. 2004 жылдан 2008 жылға дейін Қызылорда облысындағы «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС-де бас директордың орынбасары қызметін атқарды. 2008 – 2014 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы «Бузачи Оперейтинг Лимитед» компаниясының бас менеджері, бас директоры қызметтерінде болған. 2014-2016 жылдар аралығында «Қытай мұнай-газ барлау және өңдеу ұлттық корпорациясы» (CNODC), Пекин, ҚХР бас инженердің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-да бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.