Бесаспап шебер
12 ақпан 2025
Мұнайды жылыту және тасымалдау станциясында ұзақ уақыт бойы ақауларға байланысты қазандық қондырғысы үзіліспен жұмыс істеді. Тексеру барысында қос электромагниттік клапанның жұмыс элементтерінің тозуы анықталды. Жаңа клапанды жасау және жеткізу үшін төрт ай қажет болды Әріптесіміз, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бөлімінің жетекші инженері Виктор Владимирович Дверницкийдің бастамашылдығы мен жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында бір аптаның ішінде бұл мәселені шешуге қол жеткіздік.. Ол тозған бөлшектерді ауыстырып істен шыққан клапанды қалпына келтірді. Нәтижесінде қазандық қондырғысы пайдалануға берілді және қазір тасымалданатын тауарлық мұнайды жылытуды қамтамасыз етіп тұрақты режимде жұмыс істеп тұр.