Болашаққа қамқорлық осы жерден басталады
25 сәуір 2026
25 сәуір күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік сенбілікке қатысты.
Жұмыстар компания кеңсесінің аумағында, сондай-ақ Ақшабұлақ кен орнындағы КЭМП-1-де (вахталық кентте) аумағында өтті. Сенбілік барысында серіктестік ұжымы 130 ағаш көшетін отырғызды.
Экологиялық акцияға «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры Зияш Қияқбаев қатысты. «Мұндай бастамалар — бір реттік шара емес, бұл біздің корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлігі. Қоршаған ортаға қамқорлық әр адамның жеке қатысуынан басталады. Бүгін ағаш отырғызу арқылы біз келешек ұрпақ үшін тұрақты әрі жайлы болашақ қалыптастырамыз», — деп атап өтті ол.
«Қазгермұнайды» мердігер ұйымдар да қолдады. Сенбілікке қатысқан жалпы адам саны - 300. Жинау алаңы 87 гектардан астам болды.
Осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, корпоративтік бірлікті нығайтуға және компанияның тұрақты даму мен табиғи ресурстарды сақтауға деген жауапкершілікті көзқарасын көрсетеді.
Серіктестік компаниясы ҚМГ тобының экологиялық бастамаларын жүйелі түрде қолдай отырып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтарын ілгерілетуге өз үлесін қосуда.


