Бірлік пен татулық мекені – Қазақстан

01 мамыр 2015

Сыр өңірінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған шара өтті: облыс аумағында қызмет ететін барлық мекемелердің қатысуымен шеру ұйымдастырылды. Бұл шеруге аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып келе жатқан «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің қызметкерлері де бірліктің туын желбіретіп қатысты.


Қаланың Орталық алаңында концерттік бағдарлама дайындап, бірліктің бекемдігін көрсетті. Мерекелік шарада Сыр елінің халқын Қызылорда облысының Әкімі Көшербаев Қ.Е. құттықтады. Қызылорда қаласында қазіргі таңда 70-ке жуық өзге ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады, 11 этномәдени орталығы қызмет етеді. Елімізді мекен ететін түрлі ұлттар мен ұлыстар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.  





 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою