Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай мини-футболдан өткізілген Турнир

12 сәуір 2019

2019 жылы 12 сәуірде Нұралы кен орнында Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындары жұмысшыларының арасында  Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай мини - футболдан Турнир өткізілді.   Турнирге төрт команда қатысты, олар: Акшабұлақ №1, Акшабұлақ №2,  Нұралы №1 және Нұралы №2 құрама командалары.                                                                                                                                                    
Жарыс айналмалы жүйемен өткізілді. Командаларды сапқа тұрғызу кезінде Мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары Арыстанбаев Е.Я және Нұралы кенішінің басшысы Нагманов С.Ж. құттықтау сөзбен турнирді ашты. 

Турнир достық қарым-қатынаста тартыспен өтті. Акшабұлақ №1 және Нұралы №2 командаларының арасындағы кездесу 1 – 1 есебімен аяқталды. 

Турнир жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары естелік кубоктармен, дипломдармен марапатталды: бірінші орын үшін Ақшабұлақ №1, екінші орын алған Нұралы №2 командасы, үшінші орынға Ақшабұлақ №2 командасы. Турнирде Қызылорда облысы футбол Федерациясының коллегиясы төрешілік жасады. 
 

      

       

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою