Еліміздің мұнайшылары мен газ саласындағы қызметкерлер «KMGPROF CUP 2024» волейбол турнирін Қазақстан мұнайының 125 жылдығына және Теңіз кен орнының 45 жылдығына арнады
05 маусым 2024
Еліміздің мұнай және газ кәсіпорындарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты насихаттау, корпоративтік рухты және еңбек ұжымдарының бірлігін нығайту ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ мүшелік ұйымдарының қызметіндегі маңызды құрамдас бөлік болып табылады.
Түркістан облысының Ленгір қаласының тамаша табиғат аясында «ALMA TAU» спорт кешенінің базасында ағымдағы жылдың 22-23 мамырында Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы (бұдан әрі – ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ) Қазақстанда мұнай өндірудің басталуының 125 жылдығына және Теңіз кен орнының (Атырау облысы) ашылуының 45 жылдығына арналған «KMGPROF CUP 2024» ардагерлер арасында волейболдан республикалық турнирін өткізді.
Бас кәсіподақ трофейі үшін жарысқа дене шынықтыру және спорт ардагерлері, «Теңізшевройл», «ӨзенМұнайГаз», «Қаражанбасмұнай», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Қазгермұнай» БК, «Азиялық газ құбыры», «Ойл Транспорт Корпорейшэн» және «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» секілді еліміздің 8 жетекші мұнай-газ және мұнай сервисі компанияларының волейбол әуесқойлары қатысты
«KMGPROF CUP 2024» республикалық турнирін ұйымдастырушылардың басты мақсатына мұнайшылар мен газшылар қол жеткізді, жарысқа қатысушылар өздерінің құрама командаларының құрамында жоғары корпоративтік рухты, ұйымшылдықты және қызғанышты спорттық шеберлікті, тактикалық және техникалық әртүрлілікті, жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
III Республикалық ардагерлер мен мұнай-газ кәсіпорындары қызметкерлерінің турнирінің ашылуында спорт делегацияларының басшыларын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшелері – ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ төрағасының орынбасары Марат Темірқасов, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Кәсіподақ орталықтарының төрағалары Бауыржан Алтеев пен Өмірәлі Бердіғали, сондай-ақ Қазақстанның Еңбек ері, «Теңізшевройл» ЖШС Директоратының атқарушы консультанты Руслан Қуатов мерекемен құттықтап, мұнай-газ саласының қызметкерлері үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, насихаттау мен қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Олар бұл турнир мұнай-газ саласы кәсіпорындарының басшылығы мен кәсіподақ бірлестіктерінің дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдайлар жасауға, корпоративтік рух пен еңбек ұжымдарының бірлігін қалыптастыруға деген ұмтылысының жарқын үлгісі болып табылатынын атап өтті. Әлеуметтік әріптестік тараптары іс жүзінде әрбір адамның денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған сындарлы ынтымақтастық пен бірлескен өзара іс-қимылдың дұрыстығын көрсетеді. Ал құрама командаларға адал спорттық жарыс, бірлік пен командалық ауызбіршілік тіледі.
Ардагер мұнайшылар мен газ қызметкерлерінің волейбол командалары ауыр жекпе-жектерде чемпион мен спорттық дербидің жүлдегерлерін анықтады. Республикалық турнирдің екі дүркін жеңімпазы және «ҚАЗМҰНАЙГАЗӨНЕРКӘСІП КУБОГЫНЫҢ» иегері болып команда капитаны «Үздік шабуылшы» атанған Асан Төлебаев бастаған «Теңізшевройл» ЖШС (Атырау қ.) ардагерлерінің волейбол командасы жеңіске жетті.
Турнирдің күміс кубогын «Қаражанбасмұнай» АҚ (Ақтау қ.) мұнайшыларының волейбол командасы алды, оның команда капитаны Бекзат Жайлаубаев «Үздік тосқауылдаушы» деп танылды. Бұл команда қызықты ойын көрсетіп, ойыншылардың ойнауы және команданың корпоративтік рухын көрсетті. Волейболға деген адалдығы мен сүйіспеншілігі үшін команда ойыншысы Сембек Айдаров «Волейболға адалдығы үшін» арнайы сыйлығын алды.
Жүлдегерлердің үштігін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (Қызылорда қ.) ардагерлерінің перспективалы және ұйымшыл волейбол командасы түйіндеді, ол өзінің жанкүйерлері мен жергілікті кәсіподақ төрағасы Бақытжан Мұқашева бастаған турнирге қатысушылардың қолдауымен жоғары спорттық шеберлігін, ойын дұрыстығын және тактикалық әртүрлілігін көрсетіп, қола жүлдегері атанды, медальдар, кубок, вымпел және турнир дипломына ие болды. Қызылорда мұнайшылары құрама командасының мүшесі Есжан Жолдыбаев «Үздік ойыншы» номинациясында марапатталды.
Дәстүр бойынша, жарысты ұйымдастырушылар өз шеберлігімен ерекшеленетін ойыншылар мен командаларға арнайы кубоктар, дипломдар мен атаулы вымпелдер берілді. «Ойл Транспорт Корпорейшен» ЖШС-нің тәжірибелі және тату құрама командасы «Жеңіс деген ерік-жігері үшін» арнайы кубогына, ал команда жаттықтырушысы Түгел Берікбаев турнирдің үздік жаттықтырушысы, ал «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС перспективті командасы «Көрермендер көзайымы» кубогына ие болды. Өткен турнирдің финалисі «Азиялық газ құбыры» ЖШС-нің тәжірибелі командасы «Беделділерге қауіп» номинациясы бойынша марапатталды, ал газшылар құрама командасының мүшесі Манарбек Бахаев «Үздік либера» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. «Үміт сыйлығы» кубогымен кәсіподақ турнирінің дебютанттары «Жаңаөзен мұнайшылары» («ӨзенМұнайГаз» АҚ) және «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС құрама командалары марапатталды.
Республикалық турнирдің спорттық серіктестері – «QazaqGaz» ҰК» АҚ жергілікті кәсіподақтары (төраға Талғат Байсейітов), «Интергаз Орталық Азия» АҚ (төраға Шалқар Мәженақов) және «Теңізшевройл» кәсіподағы (Төраға Мұрат Әбдиев) Қазақстанда мұнай өндірудің басталғанына 125 жыл толуына және Теңіз кен орнының 45 жылдығына орай арнайы сыйлықтар тағайындады. Турнирдің алтын кубоктарымен «Теңізшевройл» ЖШС (команда капитаны Асан Төлебаев), «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (команда капитаны Алмас Есқараев) және «Қазгермұнай» БК» ЖШС (команда капитаны Мэлс Ким) құрама командалары марапатталды.
Ұйымдастыру комитетінің атынан кәсіподақ командаларына жан-жақты қолдау көрсеткен әлеуметтік серіктестер – мұнай және газ компанияларының басшылары арнайы сыйлықтармен, атаулы вымпелдермен және дипломдармен марапатталды.
Құрама командалардың барлық мүшелері «KMGPROF CUP 2024» ардагерлер арасында волейболдан республикалық турнирге белсенді қатысқаны үшін атаулы дипломдармен және вымпелдермен марапатталды.