Энергетика министрінің «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не сапары

30 қараша 2020

 

Қызылорда аймағы бойынша жұмыс сапары аясында 28 қарашада «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас кеңсесіне Энергетика министрі Н. А. Ноғаев келді. Сапардың мақсаты «Зияткерлік кен орны» жобасының өндіруді талдау және жоспарлау орталығымен танысу болды.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-не келген делегация құрамында Энергетика вице-министрі К. Б. Рахимов, Қызылорда облысының әкімі Г. Н. Әбдіқалықова, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Қ. Сұлтангереев болды.

Қонақтардың назарына «Зияткерлік кен орны» өндіруді талдау және жоспарлау орталығының өзі ғана емес, сонымен қатар жобаны іске асыру бойынша презентация ұсынылды. Ол жобаның жол картасы, ұңғымалар қорының жағдайы, технологиялық қондырғылар мен жабдықтар, бұрғылау және өлшеу қондырғылары бойынша жоба басталғанға дейін және ағымдағы сәтте, іске асыру барысында алынған пайда мен нәтижелер, сондай-ақ 2028 жылды қоса алғандағы кезеңге арналған жобаның тиімділігін бағалау есептері бойынша ақпаратты қамтыды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған жоба үшін «Қазгермұнай» БК» ЖШС Schlumberger қазақстандық командасымен бірлесіп әлемнің үздік жобаларын анықтау үшін Schlumberger компаниясының ішінде өткізілетін байқауда қола жүлдеге ие болды. «КГМ» БК» ЖШС-нің «Зияткерлік кен орны» Schlumberger-нің әртүрлі бөлімшелері ұсынған 600 жобаның бірі болды.

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою