«Халықтар достығы бірлікте» қайырымдылық марафоны.

02 мамыр 2014

Жыл сайын «Қазгермұнай» БК» ЖШС халықтың әлеуметтік қорғалмаған қатарын қолдау науқандарын өткізеді. Қазақстанның бірлік күніне орай түрлі ұлтты аз қамтылған халықтарын қолдау мақсатында «Халықтар достығы бірлікте» атты қайрымдылық марафоны ұйымдастырылды. Қалалық жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық қолдауымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері жиырма отбасына қайырымдылық азық-түлік жиынтықтарын ұсынды. Әр жиынтыққа бір қап ұн-25кг, бір қап қант-25 кг, бір қап күріш-25 кг, бір килограмм шай, 5 литр өсімдік майы кірді. Тұрғындардың алғысы шексіз болды. Халі мүшкіл кейбір жанұялар компанияның сыйлықтарын көз жасын тыя алмай қабылдады.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою