«Казэнерджи» Ассоциациясы «2013 Ұлттық баяндамасының» тұсаукесері
18 қыркүйек 2014
Қабанбай батыра көшесі 17, блок Б, 16 этаж, конференц-зал
(«International Business Centre»), KAZENERGY Ассоциациясы өзінің зияткерлік меншігіндегі өнімі «2013 Ұлттық энергетикалық баяндамасын» ұсынды. Аталған баяндама Казахстанның жылу-энергетикалық кешенінің болашақтағы дамуы мен қазіргі жағдайы жөнінде кешенді ұсыныстар қалыптастыру мақсатында дайындалған.
Ұлттық баяндама Казэнерджидің Казақстан Республикасының жәлу-энергетикалық кешенінің бірыңғай жүйе ретінде тұрақты дамуы жөніндегі стратегиялық көзқарастарды көрсетеді.
Сіздің назарларыңызға Қазақстанның және де бүкіл әлемнің жылу-энергетикалық саласының эксклюзивті мәліметтері, аналитикалық және сараптамалық корытындылары ұсынылған. KAZENERGY төрағасы Құлбаев Тимур Аскарұлы Ұлттық баяндама туралы:
«Сіздердің назарларыңызға ұсынылған Казэнерджи Ұлттық энергетикалық баяндамасында еліміздің жылу-энергетикалық кешенінің басты көрсеткіштері және переспективалық тренді ұсынылған. Сонымен бірге алға қойылған міндеттерді шешу жолдары берілген.
Қазақстанның энергетикалық секторының жетісітікті дамуына қызығушылық танытатын қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың, коммерциялық, ғылыми, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және барлығы осы баяндамадан пайдалы ақпарат алатындығына сенімдімін.».