«Казгермунай» Ақтауда өткен «Munaily Marathon-2025» қайырымдылық марафонын қолдады
02 маусым 2025
«Казгермунай» БК» ЖШС Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұйымдастырған ауқымды қайырымдылық марафон – «Munaily Marathon-2025» шарасына қатысты. Бұл іс-шараға ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері, кәсіби спортшылар мен Маңғыстау облысының тұрғындары қатарынан 1000-нан астам адам жиналды.
Марафонға қатысушылар 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарда жүгірді. Жарыс Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді.
Басты компаниясының бастамасын қолдаған «Казгермунай» марафонға белсенді қатысып, өз үлесін қосты. Қатысушылар қатарында «СП Казгермунай» ЖШС Бас директоры Зияш Қияқбаев та болды. Ол мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті: «Біз үшін бөтен бала болмайды. Казгермунай өз қызметін Қызылорда өңірінде жүзеге асырса да, бұл қайырымдылық бастамаға шын жүректен қосылып, Маңғыстау облысының балаларына қолдау көрсетуге қуаныштымыз», – деді ол.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы дәстүрлі түрде бұқаралық спортты дамытуды қолдап, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып, қайырымдылық бастамаларға тұрақты түрде қатысады. Ақтаудағы марафон ҚМГ ұжымының ауызбіршілігі, жауапкершілігі мен қамқорлығын көрсеткен жарқын үлгі болды.