Кен орнындағы көгал
05 қыркүйек 2014
Мұнай - газ кеніші қызметкерлерінің кәсіби мерекесін тойлау шеңберінде «Қазгермұнай» ЖШС БК - ның Бас директоры Медет Сәпиұлы Кәрім мен Бас директордың бірінші орынбасары Юй Чжициннің қатысуымен Ақшабұлақ кен орнындағы демалыс аймағының ашылу салтанаты өтті.
Саябақтың ашылуы «Қазгермұнай» ЖШС БК – ның қызметкерлеріне керемет тарту болды. Саябақ аймағында жарықтандырылған фонтан, демалыс орындықтары және амфитеатр орналастырылған. Алдағы көктемде Серіктестік демалыс орнын көгалдандырып, нағыз шөл даладағы көгалды алқапқа айналдыруды жоспарлауда.
Кен орны қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертте жергілікті эстрада әншілері өнерлерін көрсетіп, құрмет марапаттары мен сыйлықтар табыс етілді, сонымен қатар интерактивті конкурстар мен ойындар ұйымдастырылды