КЕНІШТЕГІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ

27 сәуір 2015

 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде Ақшабұлақ кен орнында №246 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Сайлау комиссиясының құрамына Серіктестік Бас кеңсесі мен кеніш әкімшілігіні қызметкерлері кірді. Сайлау Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдары өкілдерінің және кандидаттардың сенімді өкілдерінің қатысуымен қатаң тәртіппен өткізілді. Сайлаушылардың жасақталған тізіміне сәйкес сайлауға 1088 азамат қатысты, оның ішінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің және Серіктестік аумағында жұмыс жасап жатқан мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Дауыс беру нәтижесі төмендегідей болды:

Сайлаушылардың жалпы саны – 1088 адам, оның ішінде дауыс бергендері:

  • Кұсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы - 5 дауыс;
  • Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы - 1054 дауыс;
  • Сыздықов Тургун Ысқақұлы - 16 дауыс.
 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына атсалыса қатысып, кеніште ауысыммен жұмыс істейтін әрбір қызметкерге өзінің азаматтық құқығын пайдалануға мүмкүндік берді.
 
 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою