Кеңсе аумағына ағаштар отырғызу

07 сәуір 2017

   Бүгін жылдағы дәстүр бойынша бас кеңсе ғимараты жанындағы төңірекке ағаштар отырғызып, сенбілік өткізді. Бұл жолы аталған іс-шараға компанияның ардагерлері- «Ардагер-Мұнайшы» ҚҚ мүшелері шақырылды. Ардагерлердің құрметіне кеңсе аумағында арнайы ардагерлер аллеясы ашылды. Компанияның әкімшілік, өндірістік, геологиялық және қаржы блоктарының қызметкерлері өздеріне бөлінген учаскеге ағаштар отырғызды.

   Сенбілікке қатысқан компанияның бас директоры Жэнь Лисинь және бас директордың бірінші орынбасары М.С.Кәрім ардагерлер аллеясының ашылуы мұнайшылардың аға буынына көрсетілген құрмет пен естелік екенін атап көрсете отырып, алдағы уақытта серуендейтін аяқ жолсалынып, жаппалар орнатылатындығын айтты.
 
  Өндіріс қуаттылығын арттыра және өндіріп отырған көмірсутек шикізатының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ете отырып «Қазгермұнай» БК»ЖШС өз қызметінің басым бағыттарының біріне қоршаған ортаны қорғауды қояды.

 
  Серіктестік экологиялық жауапкершілікке байыппен қарайды және барлығын табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға, табиғатқа қамқорлық жасауға шақырады!  

  

 

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою