Компания ардагерлері аллеясының ашылуы

19 мамыр 2017

Аға ұрпаққа сый-құрмет көрсету – компанияның корпоративтік мәдениетінің негізгі қағидаларының бірі. Соның жарқын үлгісі қазіргі уақытта құрметті демалыстағы, компанияның 50 ардагерлерін біріктіретін «Ардагер-Мунайшы» ҚҚ қызметінің құрылуы мен жыл сайынғы қаржыландыруы. КГМ қолдауы арқасында, компанияның бұрынғы қызметкерлері – қазіргі зейнеткерлер лайықты әлеуметтік пакет алады, ҚР шипажай меккемелеріне жыл сайын жолдамамен қамтамасыз етіледі, медициналық сақтандыру және қажет болған жағдайда, емдеу, сондай-ақ мереке күндері, мерейтойларда қаржылық көмек көрсетеді.

   

 

 

Осы жолы, компания КГМ кеңсесінің аумағында аға ұрпаққа «Ардагерлер аллеясы» деген құрметті атақпен аллея арнауды шешті. Салтанатты ашылу бас директордың бірінші орынбасары Кәрім М.С., компания басшылары, «Ардгер-Мунайшы» ҚҚ директоры Қалжанова Р.К. және қор мүшелері қатысуымен өтті. Кәрім М.С. ардагерлерді, саялы ағаштардың көлеңкесінде орнатылған жайлы орындықтар мен ұлттық нақыштағы күрке орналасқан алляның абатты аумағымен таныстырды. Кеңсе қызметкерлері жұмыстан бос уақыттарында аллеяда, жасылмен қоршалған жерде, таза ауамен дем ала алады.

 

   

 

Аллеяның ашылуы салтанаты соңында компания басшылығы мен ардагерлер жас ағаштар көшетін екті содан соң, құрметті қонақтарға арналып аллея ортасында орналасқан үлкен, жайлы күркеде мол дастархан жайылды. Өз кезегінде, ардагерлер компания басшылығына көрсетіліп жатқан колдауы үшін алғыстарын білдіріп, компания аумағынан тыс кетсе де әрқашан ұжымның құрметіне мен жылы ықыласына бөленгендіктерін атап айтты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою