Конституциялық реформа: ғылым және экология — саланы дамытудың басымдығы
26 ақпан 2026
25 ақпанда Ақшабұлақ кен орны мен «СП «Қазгермұнай» ЖШС кеңсесі арасында бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.
Спикер ретінде құқықтық қамтамасыз ету қызметінің басшысы Нұрлан Өтегенов сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында ұсынылған конституциялық өзгерістер мемлекеттің дамуындағы адамның рөлін күшейтуге, әлеуметтік жауапкершілік пен орнықты даму қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді. Білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді қолдау және өнеркәсіпте инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Мұнай-газ саласы үшін бұл бағдарлардың практикалық маңызы бар. Қолданбалы ғылымды дамыту, экологиялық менеджменттің заманауи технологиялық шешімдері мен жүйелерін енгізу өндірістік тиімділікті арттыруға, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға және кәсіпорындардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кездесу конструктивтік және іскерлік атмосферада өтті. Ақшабұлақ кен орнының қызметкерлері ел мен саланың болашағына әсер ететін стратегиялық мәселелерді ашық талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, белсенділік танытты.
Кездесу соңында қоғамдық маңызы бар оқиғалар қасиетті Рамазан айында өтетінін ескере отырып, қызметкерлер үшін ауызашар ұйымдастырылды.

